Президент сайлауына кандидатурамды ұсыну ойымда жоқ — Ерлан Қошанов

0 7

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов өзінің алдағы президент сайлауына қатыспайтынын ресми түрде мәлімдеді.

«Amanat» партиясы өз кандидатын ұсынады. Енді менің қатыспайтыным белгілі ғой. Мен қатыспаймын ешбір сайлауға. Сіздерге ресми түрде мәлімдеймін, биылғы сайлауға да, бұдан кейінгі саяси науқанға да қатыспаймын. Бірақ мен сол сайлауға қатысатын лайықты тұлғаны, лайықты үміткерді қолдаймын. Оны өздеріңіз де сезіп тұрған шығарсыздар. Ол – Қасым-Жомарт Тоқаев. Сол кісінің кандидатурасын қолдаймын», — деді ол Мәжілістің жалпы отырсынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның ойынша, қазіргі Президент сайлауға «Amanat» партиясының атынан түсе ме немесе басқа ұйымдарды таңдай ма — оны өзі шешеді.

«Кезінде біз, «Amanat» партиясы, «Біз Президенттің қоғамдық тірегіміз» деп жарияладық қой. Міне, сондықтан, біз әрқашан Президентті қолдаймыз», — деді Мәжіліс спикері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.