Президент тапсырмасы: Жол жөндеудегі жұмысты босаңсытқаны үшін бірқатар шенеунік қызметінен босатылды

0

Республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын және бақылауды босаңсытып алғаны үшін 4 шенеунік қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын ретке келтіру жалғасып жатыр. Осы саладағы жұмыстарды және бақылауды босаңсытып алғаны үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С.Бармақов, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары Т.Шәкімов, И.Турков және Н.Қалауовтар қызметінен босатылды», деп жазды Берік Уәли Facebook -тегі парақшасында.

Оның айтуынша, Үкімет, әкімдер, құқық қорғау органдары бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуының алдын алу, жол құрылысы саласындағы келеңсіздіктерді жою үшін шаралар қабылдап жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.