Жаңалықтар

Президент Қырғызстандағы «Ата бейіт» кешеніне зиярат етті

Мемлекет басшысы мемориалдық кешен аумағындағы 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды.

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары басталды. Мемлекет басшысы «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл тарихи-мемориалдық кешенде Отанына әр кезеңде қалтқысыз қызмет еткен қырғыз халқының даңқты перзенттері, сталиндік репрессия құрбандары жерленген. Кешенге «Ата бейіт» атауын жазушы Шыңғыс Айтматов ұсынған.