Президентке қастандық жасамақ болды

0 5

Малидің уақытша президенті Ассими Гойтаға қастандық жасалды.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, пышақпен қаруланған адам ел астанасы Бамаконың Үлкен мешітінен шыға берісте келе жатқан Гойтаға шабуыл жасамақ болған. Саясаткер Құрбан айтқа орай мешітке барған.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға салдарынан жақын маңдағы бір ер адам да жарақат алған. Шабуыл жасаушы ұсталды.

Айта кетейік, 24 мамырда Малидің Өтпелі кеңесінің вице-президенті және 2020 жылы елдегі әскери төңкерісті ұйымдастырушы Ассими Гойта Өтпелі кеңестің басшысы Ба Ндао мен премьер-министр Моктар Уана бастаған бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларды қызметінен босатқан еді.

7 маусымда Малидегі төңкерістен кейін билікке келген Ассими Гоита мемлекет басшысы ретінде ресми түрде қызметіне кіріскен.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.