Президентке жұмыртқа лақтырды

0 8

Лиондағы тамақтану мен қонақүйлер көрмесіне келген Франция президенті Эммануэль Макронға белгісіз біреу жұмыртқа лақтырды

 

«Жұмыртқа Президенттің иығына тиді, бірақ жарылған жоқ», деп жазады BFM TV.

Қауіпсіздік қызметі кінәліні анықтап, көпшіліктің арасынан шығарды. Ол «Революция жасасын!», деп айқайлаған. Күдіктіге «мемлекеттік биліктегі адамға зорлық-зомбылық көрсетті» деген айып тағылған.

Осы жылдың маусым айында мемлекет басшысының Дром департаментіне сапары кезінде бір адам Эммануэль Макронды шапалақпен тартып жіберген болатын. Сот 28 жастағы Дамиен Тарелді төрт айға бас бостандығынан айырып, тағы 14 айға шартты түрде бас бостандығын шектеді. Бұл оқиғадан соң Макронның бәрі жақсы екенін айтып, провакация жасамауға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.