Жаңалықтар

Президенттің тапсырмасымен «Бағанашылдағы» балалар үйі көшірілмейтін болды

Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаев қаласындағы жаңа ғимаратқа көшіруді тоқтатуды тапсырды.

Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады.