Қандай заттарды мектепке алып келуге тыйым салынған?

0

Қазақстанда оқушылардың мектепке бірқатар затты алып келуге тыйым салынған. Бұл туралы ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтып берді.

Оның айтуынша, мектепке алып келуге тыйым салынған заттардың тізіліміне қару-жарақ, пышақ, рогатка, кастеттер және соған ұқсас заттар кіреді.

«Сонымен қатар жарылғыш құрылғы имитаторын, аэрозольды бояуды, пиротехникалық заттарды және газ баллондарын алып келуге тыйым салынады», деді Мұрат Баймұқашев.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.