Қарағандыда Ұлттық ұланның әскери бөліміне 400 жас сарбаз қабылданды

0 28

Қарағанды қаласындағы Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінде салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Отан алдында борышын өтеуге 400-ден астам сарбаз ант етті, деп хабарлайды Жамбыл инфо,  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Сарбаздарға сәттілік тілеп, жылы лебіз білдіру үшін Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының басшылығы, бөлімнің ардагерлер құрамы мен сарбаздардың ата-аналары арнайы келді. Іс-шараны құрама командирі полковник Мамай Құрмантаев құттықтау сөзімен бастады.

«Сарбаздар, бүгін сапта тұрған әрбіреуің үшін жауапты күндердің бірі. Әскери антты ер жігіт өмірінде тек бір-ақ рет қабылдайды, есесіне антына адал болу, бұл мәңлігікке. Сондықтан, ел қорғаушылар, осы күннен бастап бөліміміздің қатарында адал да абыройлы қызмет етесіңдер деп сенемін», — деді құрама командирі сарбаздарға өз сенімін білдіріп.

Айта кетелік, аталмыш іс-шара барысында Жамбыл, Алматы, Ақмола, Түркістан облыстарынан шақырылған 400-ден астам жас сарбаз көпшілік алдында еліне ақтық демі қалғанша абыроймен қызмет етуге серт берді.

«Әрбір ер азаматтың борышы — елі мен жерін қорғау. Бүгін, міне, біздің шақырылым әскери антын қабылдап, Отан қорғаушы атанды. Антымызға адал боламыз», — деп жас жеткіншектердің қатарынан Жамбыл облысынан шақырылған қатардағы Қуаныш Сағындықов сөз сөйледі.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.