Қазақ тілді мектептерде оқушылар 1-сыныпта тек ана тілінде білім алады — Асхат Аймағанбетов

0 8

Министрдің айтуынша, қазақстандықтар үш тілді де меңгеруі керек және алдағы уақытта бұл жүйеден бас тарту жоспарланып отырған жоқ.
Дегенмен үш тілді 1-сыныптан бастап оқыту қиын болғандықтан, бастауыш сыныптарға өзге тілдерді бірте-бірте енгізбекші.
«Бастауыш сыныптарға келсек, осы тақырыпта зерттеу мен сараптама жүргізе келе, 1-сынып оқушысына үш тілді бірден меңгеру қиын екенін көрдік. Бұл – тиімсіз. Мәселе дидактика мен физиологияда.
Осы мәселе бойынша шешім қабылдап, қазақ тілді мектептерде 1-сынып оқушысын тек қазақ тілінде оқытуға қатысты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Алдымен өз тілінде оқып және жазып үлгереді. Екінші сыныпта орыс тілі, үшінші сыныпта ағылшын тілі енгізіледі», – деді Аймағамбетов.
Ал орыс тілді мектептерде оқушы алдымен орыс тілінде жазып, оқып үйренеді. Ағылшын тілі үшінші сыныпта енгізілмек.
«Әдіснама тұрғысынан бұл негізделген. Дәл осындай зерттеу мен ұсыныстар бұған дейін болған, сондықтан осы өзгерісті енгіземіз», – деді министр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.