Жаңалықтар

«Qazaq Travel» ісі: Балғынбек Имашевтың ұлы алаяқтық бабымен күдікті ретінде танылды

The final spritzer

Бұған қажылыққа ұша алмаған туристердің шағымы себеп болған

Алматыда айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың ұлы Данияр Имашевтің үстінен алаяқтық бабы бойынша іс қозғалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz  ktk.kz сілтеме жасап.

Осы сәтте қасиетті мекенде жүруі тиіс болған туристер қазір полиция басқармасын айналшықтап жүр. Себебі, жолдама сатқан Qazaq travel компаниясы 50-ден аса адамды жолдан қалдырған әрі бұл туралы рейске бір күн қалғанда ғана мәлімдепті.
 

рқайсысы жолдамаға шамамен 500 мың теңгеден төлеген. Ал құлшылық жасауға асыққан туристерді сан соқтырған компанияның директоры танымал айтыскердің ұлы болып шықты.
Қасиетті мекенге жете алмағандар қазір бірінен соң бірі полицияға шағым түсіріп жатыр. Ал атышулы компанияның кеңсесі жабық тұр. Ішінде тірі жан жоқ.

Десе де «алдандық» деген жұрт бұлардың әлеуметтік желілерде әлі де қажылық турын сатып жатқанын айтып отыр. Осы мәселе бойынша полиция алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғаған. Үш күдікті тергеуге алынды.

Олардың қатарында Данияр Имашев та бар. Жұрттың қажылықтан қалу себебін сұрағанымызда, ол бүгін үнсіз қалды. Есесіне, туындаған қиындықтың себебін оның әкесі түсіндіріп берген. Балғынбек Имашев әуе билеттерінің де, қонақүй бағасының да қымбаттап кеткенін айтады әрі мұнда ешқандай алаяқтық жоқ деп сендіріпті.