Қазақстан әскері «Бейбіт миссияға» қатысады

0 10

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің әскери контингенттері терроризмге қарсы бірлескен «Бейбіт миссия – 2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысады.

Аталған оқу-жаттығу Ресейдің Орынбор облысында өтеді. Оған Қазақстанның Қарулы Күштерінен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы, Әскери-әуе күштерінің Су-25 ұшақтары қатысады.

Оқу-жаттығу шеңберінде ШЫҰ-ға мүше елдердің әскери контингенттері терроризмге қарсы бірлескен операцияға дайындалуы және оны өткізу мәселелерін пысықтайтын болады.

Бұл «Бейбіт миссия» 2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығуларды өткізу туралы келісім шеңберінде екі жылда бір рет өткізіледі.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қатарында Қазақстан, Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан бар.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.