Қазақстан әуе шабуылына қарсы майдан және авиация құрамын ұлғайтты

0 5

Қазақстан әскери нысандардың диверсияға қарсы қауіпсіздігін күшейтті. Бұл туралы ҚР ҚК БШ Стратегиялық жоспарлау департаменті басқармасының бастығы полковник Дәурен Абдуллин мәлім етті.

«Қарулы Күштерде қырағылықты күшейту аясында мынадай іс-шаралар өткізілуде. Дағдарыстық жағдай туындаған кезде кезекшілік күштер мен құралдардың іс-қимылдарының тәртібі нақтыланып, жаттығулар өткізілді. Бірлескен ықтимал іс-қимылдарды ұйымдастыру үшін мемлекеттік органдар басқа да әскерлер, әскери құрылымдар арасында өзара жұмыс ұйымдастырылды», — деді ол.

Басқарма бастығының атап өтуінше, әуе кеңістігін қорғау қызмет атқаратын кезекшілік атқаратын күштер мен әуе шабуылына қарсы майдан және авиация құрамы ұлғайтылды.

«Әскери нысандардың диверсияға қарсы қауіпсіздігі күшейтіліп, қоймалар мен арсеналдарды күзету үшін қосымша жасақтар бөлінді. Арнайы операциялар мен әскери көлік-авиация күштерінің бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Қарулы күштердің мемлекеттік шекараны қорғауды күшейту жөніндегі іс-қимыл жоспарлары нақтыланды», — деді Дәурен Абдуллин.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.