Қазақстан автотрассаларында «Орташа жылдамдық» жүйесі енгізілуі мүмкін

0 42

Қазақстанда «Орташа жылдамдық» жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев айтты.

«Біз кейде жергілікті атқарушы органдарға трассаларда бағдаршам объектілерін, жылдамдық өлшегіштерді орнатуды ұсынамыз. Бұл шаралар, әрине, бір жыл бұрын бюджетте жоспарланады, қаралады, сараптамадан өтеді, конкурстар өткізіледі. Биыл көптеген өңірлерде қосымша «Сергек» камераларын орнату қарастырылған», – деді Ж. Мұраталиев.

Спикер автотрассалардағы фото және бейнетіркеу құралдары саны жыл сайын артатынын айтты. Сондай-ақ, Ж. Мұратәлиев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Орташа жылдамдық» жүйесін енгізуді ұсынғанын айтты. Әзірге бұл ұсыныс басқа мемлекеттік органдармен талқыланып жатыр.

«Орташа жылдамдық» жүйесі белгілі бір автотрассаның бойында «Сергек» камераларын орнатуды көздейді. Мысалы, Нұр-Сұлтан-Бурабай тасжолында екі жерге камера орнату жеткілікті болады. Бұл ретте, автокөлік белгілі бір учаскеден шектен асқан жылдамдықпен өтсе, жүргізушіге айыппұл туралы хабарлама келеді», — деді Ж. Мұратәлиев.

Бұған дейін Жандос Мұратәлиев жол қозғалысы қауіпсіздігі айлығы басталғанын, әсіресе түнгі уақыттағы жол қозғалысын бақылау күшейетінін айтқан еді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.