Қазақстан-Өзбекстан шекарасы жабылатын болды

0 13

1 желтоқсаннан бастап Өзбекстанмен шекарадағы «Қапланбек» өткізу бекеті жабылады, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Үкіметтері бекіткен екі ел шекарасындағы өткізу пункттерін қайта жөндеу және жаңғырту жөніндегі Жол картасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік Кедендік бақылау комитетінің кездесуі аясында тараптар биыл 1 желтоқсаннан бастап «Қапланбек» – «Зангиота» өткізу бекеттерін қайта құру кезеңінде толық жабуға уағдаласқан, –  делінген Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдемесінде.

Ведомствоның хабарлауынша, бекет қайта жөнделген соң, оның екі жолақты жолы алты жолаққа дейін кеңейеді. Ал пунктінің көлікті шекарадан өткізу мүмкіндігі тәулігіне 200-ден 1000 көлікке дейін көбейіп, шекарадан өту уақыты 25 минутқа дейін қысқарады. Бұдан басқа, көліктердің тоқтаусыз қозғалысы үшін Техникалық бақылаудың бірыңғай өтпелі автоматтандырылған дәліздерін пайдалану жолымен өткізу пунктінде автокөліктердің қозғалысының барлық циклін автоматтандыру жоспарлануда. Бұл сыбайлас жемқорлықты алдын алуға, оны мүлдем болдырмауға мүмкіндік береді.

Бекетті жөндеуге байланысты автокөліктер мен жаяу адамдар «Қазығұрт», «Жібек жолы», «Б.Қонысбаев», «Атамекен», «Сырдария» және «Целинный» өткізу пункттері арқылы екі елдің шекарасынан өте алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.