Қазақстан құрамасы Таиландтың тас-талқанын шығарды

0 6

Футзалдан Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында Қазақстан құрамасы Таиландтың тас-талқынан шығарып, ширек финалға шықты.

Каунаста өткен матчта Қазақстанның футзалшылары сары құрлықтың ең үздік командаларының бірін бас көтертпей ұтты. Бәсеке басталған бетте қарқынды шабуыл ұйымдастырған жерлестеріміз 3-минутта есеп ашты. Дәурен Тұрсағұловтың өкшесімен тепкен добына қақпашы тосқауыл қоя алмады. Көзді ашып-жұмғанша Дуглас нысананы дәл көздеді. 19-минутта Чайвата Джамграджанга автоголдың авторы атанды.

Үзілістен кейін де Рикардо Кака баптаған команда өз қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Дәурен Нұрғожин мен Тайнан бас-аяғы бір минут аралығында қатарынан екі гол соқты. 32-минутта Арнольд Кнауб және 36-минутта Игита мергендік танытты. Қорытынды есеп – 7:0.  

Leave A Reply

Your email address will not be published.