Қазақстан үкіметі отставкаға кетті

0 83

Жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында ел үкіметі өкілеттігін доғарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

“Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі”, – делінген президент Жарлығында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.