Қазақстанда ай сайын TikTok-қа 7 миллион адам тіркеледі

0 7

ҚР СІМ «ТikTok»-қа Қазақстанда өкілдік ашуды ұсынды

Сыртқы істер министрлігі TikTok компаниясына Қазақстанда өкілдікті ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Шығыс Еуропадағы TikTok өкілдігінің директоры Олег Соколов Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровпен және Kazakh Invest ұлттық компаниясының өкілдерімен кездесу барысында TikTok Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екенін мәлімдеді.Компания делегациясы білім беру, мәдениет, туризм саласындағы жобаларға қатысты мәселелерді және Қазақстан аумағында платформаны дамытудың басқа да жолдарын талқылау үшін Қазақстанға келді.

Бүгінде Қазақстанда ай сайын TikTok-қа 7 миллион адам тіркеледі. Олег Соколов TikTok компаниясының Қазақстан аумағында ұлттық театрлар мен мұражайларды ілгерілетуді қоса алғанда, платформаның мәдени-танымдық контентін күшейту ниетін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.