Қазақстанда алдағы 3 тәулікте күн суытады

0

Қазгидромет» РМК алдағы үш тәуліктегі ауа райы болжамын ұсынды.

«Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі фронталды бөліктердің ықпалында болып, жаңбыр жауады.

10 маусымда Қазақстанның орталығында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, қатты жел соғады, нөсер жаңбыр мен бұршақ күтіледі.

Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл сақталады.

Солтүстік-батыстан ығысатын кезекті суық антициклон еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасының төмендеуіне алып келеді: түнде 3-8, кей жерлерде 12 градусқа дейін. Күндіз 17-22, кей жерлерде 25 градус жылы болады. Елдің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», — деді синоптиктер.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.