Қазақстанда әрбір азамат жылына шамамен 200 дана жұмыртқа жейді

0 14

2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында шаруалар 1,6 млрд дана жұмыртқа өндірді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 12,1 пайыз артық. Өңірлік тұрғыда жұмыртқа өндіру жағынан бірінші орынды Алматы облысы тұр – 300,3 млн дана жұмыртқа және өнім өсімі 27,5% құраған. Өндіріс жағынан көш бастап тұрған өңірлер арасында сондай-ақ Ақмола облысы (233,4 млн дана, минус 1,8%) және Солтүстік Қазақстан облысы (213,7 млн дана, өсім 2,2 есені көрсетті) бар. Жалпы, 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елімізде 4,8 млрд дана жұмыртқа өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 4,5% аз. Бұған дейін 2019-2020 жылдары да елімізде өндірістің құлдырауы байқалған. 2021 жылы бір қазақстандықтың жұмыртқаны орташа тұтынуы жылына 193,9 жұмыртқаны немесе айына 16,2 жұмыртқаны құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,6% аз. Сондай-ақ қала тұрғындарының ауылдықтарға қарағанда жұмыртқаны көбірек тұтынатыны белгілі болды. Жан басына шаққанда орташа алғанда жылына 211,9 дана (ауылда168,2 дана). Жұмыртқаны көп жейтіндер Қостанай облысында тұрады: өткен жылы облыстың бір тұрғынына шаққандағы орташа тұтыну 259,8 жұмыртқаны құрады, плюс жылына 2,3%. Үздік «үштікке» Қарағанды мен Ақмола облыстары да кірді. Ең төменгі көрсеткіштер Маңғыстау облысында тіркелді.

Дереккөз:ҚазАқпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.