Қазақстанда есірткіні қолдану жазасын жеңілдету қарастырылуда

0 11

«Есірткіні беймедициналық мақсатта қолданғаны үшін жазаны жеңілдетуді көздейтін екі заң жобасы әзірленді. Яғни, есірткіні аз мөлшерде қолданған және сақтаған адамдар қылмыстық емес, әкімшілік жауапкершілікке тартылады», — деді Бақытжан Әмірханов министрлік ұйымдастырған онлайн-брифинг барысында. Спикердің айтуынша, заң жобасы прекурсорлар мен қатты әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейді. Сонымен бірге, синтетикалық есірткінің таралуына қарсы іс-қимыл мәселелерін елдің жоғары басшылығы мемлекеттік басқару органдарының басым міндеттерінің бірі ретінде айқындаған. Бүгінгі таңда 2022-2023 жылдарға арналған Жол картасы әзірленді, онда шетелде өндірілген есірткілердің түсуіне, олардың ел ішінде таралуына және өндірілуіне жол бермеу, есірткіге тәуелділерді емдеу және оңалту, сондай-ақ ішкі істер, денсаулық сақтау, сот сараптамасы органдарын және шекаралық өткізу пункттерін материалдық-техникалық жарақтандыру шаралары көзделген. Аса қауіпті болып сналатын мефедронның, пировалеронның және олардың аналогтарының, синтетикалық каннабиноидтардың «криминалдық» мөлшері 50 грамнан 1 грамға дейін заң жүзінде төмендетілді. Оларды өткізу мақсатынсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілген

Leave A Reply

Your email address will not be published.