Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсті

0 16

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 187 жағдай тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.

Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында — 37, Алматы қаласында — 112, Шымкент қаласында – 8, Алматы облысында — 7, Атырау облысында — 10, Жамбыл облысында — 4, Батыс Қазақстан облысында — 1, Қарағанды облысында — 7, Қызылорда облысында — 1 адамнан коронавирус анықталды. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 307 517 құрады. Кешегі мәлімет бойынша коронавирус жұқтырған 158 жағдай тіркелді. Сонымен қатар өткен тәулікте 65 адам коронавирус инфекциясынан жазылып, олардың жалпы саны 1 292 626 адамға жетті.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.