Қазақстанда макарон өнімдері қымбаттады

0 1

Қазақстанда макарон бағасы бір жыл ішінде 11%-ға қымбаттады

 

Energyprom.kz зерттеуі бойынша, қаңтар-тамызда елімізде 100,8 мың тонна макарон, кеспе және басқа ұқсас ұн өнімдері өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,3%-ға аз.

Өңірлік жағдайда сектордағы өнім көлемі бойынша Шымкент көшбасшы: 17,8 мың тонна өндірілген. Былтырғымен салыстырғанда 16,3%-ға за. Үздік үштіктің қатарына елорда (16,7 мың тонна, -19,2%) мен Батыс Қазақстан облысы (15,1 мың тонна, -1,3%) кірді.

Жалпы алғанда, 2020 жылы елімізде 179,3 мың тонна макарон өнімдері өндірілді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,2% -ға артық.

Тамыз айының соңында макарон өнімдерінің бағасы айына 1,3 -ға және жылына 11,1%-ға өскен. Баға өсімі Атырау (22%), Қызылорда (18,4%) және Қарағанды ​​(17,5%) облыстарында қаттырақ білінді.

«Жылдық динамикадағы макарон өнімдерінің ішінде кеспе — 12,4%, спагетти — 11,5%, вермишель — 10,9%, рожки 10,7%-ға қымбаттады», дейді сарапшылар.

Қыркүйек айында базар мен дүкен сөресінде 1 кг кеспені 782 теңгеден, вермишель — 374 теңгеден, рожкиді — 361 теңгеден сатып алуға болады.

Қазақстан астық одағы макарон өнімдерінің бағасы әлі өсетінін айтады. Себебі нарықта шикізат бағасы қымбаттаған. Биылғы құрғақшылыққа байланысты отандық фермерлер де бидайдан аз өнім алған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.