Қазақстанда медициналық маска өндіретін 17 кәсіпорын бар

0

Қазақстанда қазір 17 кәсіпорын медициналық маска өндіреді.

 

Қазір Қазақстанда медициналық маска өндіретін 17 кәсіпорын бар. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Павлодар, Атырау, Ақтөбе, Алматы және Жамбыл облыстарында орналасқан.

Жалпы алғанда, кәсіпорындар күніне 1600-ден астам маска шығарады. Қазір қоймаларда 18 млн-нан астам медициналық маска бар.

Сондай-ақ елімізде бір реттік және қайта пайдалануға болатын қорғаныш костюмдері өндіріледі. Қазақстанда жұмыс істейтін 6 кәсіпорын айына жарты миллионнан астам өнім шығарады. Олар Алматы, Шымкент, Павлодар, Орал және Алматы облыстарында орналасқан.

Индустрия министрлігі Алматы мен Нұр-Сұлтанда тағы екі жаңа өндіріс орнын ашылуға қолдау көрсетіп жатыр. Олар іске қосылғаннан кейін айына қосымша 344 мың костюм шығарылады.

Одан бөлек, Қазақстанда дене қызуын түсіретін 15 түрлі препарат шығаратын 4 компания жұмыс істейді және вирусқа қарсы препараттардың 15 түрін өндіретін отандық 5 кәсіпорын бар.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.