Қазақстанда ЕАЭО-ның техникалық регламентіне сәйкес мұнай өнімдеріне қойылатын талаптар жаңарды
ЕЭК кеңесінің отырысында мұнайды қауіпсіз тасымалдау және пайдалануға қатысты техникалық регламентке өзгерістер енгізілді.
Сонымен қатар, «мұнай паспортының» бірыңғай нысаны бекітілді.
ЕАЭО-ның техникалық регламенттеріне енгізілген өзгерістер 2023 жылдың 1 қарашасынан бастап күшіне енеді.
Компаниялар жаңа талаптарға дайындалып үлгереді, деп хабарлады Қазақстан стандарттау және метрология институты.