Қазақстанда пияз бен қырыққабат қымбаттады

0 4

Қазақстанда пияз бен қырыққабат бағасы қымбаттады.

Ұлттық статистика бюросының жазуынша, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Ақтөбе және Көкшетауда қымбатшылық байқалады.

Бір жыл ішінде сүт бағасы 9,5 пайызға өскен.

Қырыққабаттың ең арзаны Алматыда келісі 82 теңгеден сатылып жатыр. Таразда — 95, Талдықорғанда — 99 теңгеден бағаланған. Ал Ақтауда килограммы 183 теңгеден болып отыр. Атырау мен Жезқазғанда да баға өскен — келісі үшін 140 теңге.

Пияз бағасы да өскен. Жезқазғанда келісі — 129 теңгеден, Атырауда — 126, Ақтауда — 125, Таразда 91 теңгеден сатылып жатыр.

Аталған өнім түрлері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік санатына жатады. Жыл басынан бері олар 9,7 пайызға қымбаттаған.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.