Қазақстанда қанша шақырым жол ақылы?

0 3

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ақылы жолдар туралы мәлімет берді.

«Ақылы автожолдарды күтіп ұстау нормативтік жүйесі енгізіліп жатыр. Ол шығындарды толық көлемде жабуға және республикалық бюджетке жүктемені азайтуға мүмкіндік беретінін баса атап өткім келеді. 2025 жылға дейін ақылылық жүйесін республикалық желідегі автомобиль жолдарының 11 мың шақырымына енгізу көзделген», деді Қамалиев.

Жылдың соңына дейін 1,8 мың шақырым болатын I категориялы учаскелерде ақылы төлем жүйесін кезең-кезеңмен енгізу жоспарланған.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.