Қазақстанда Түркиялық ANKA ұшқышсыз ұшу апараттары құрастырылды

0 9

Қазақстан ANKA өндірісі жолға қойылған алғашқы шет ел атанды.

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді.

«Келісім аясында ұшқышсыз ұшу аппараттарын бірлесіп өндіру саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық, сондай-ақ Қазақстанның Қарулы күштері үшін ұшу аппараттарын техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін технологияларды беру және персоналды оқыту жоспарлануда», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, ұшқышсыз ұшатын ANKA барлау және соққы аппараты 2013 жылдан бері Түркияда құрастырылады. Ұрыс жағдайында сыналды. Ұшу аппаратының жоғары ұшу салмағы – 1 700 келі, 350 келіге дейінгі пайдалы жүктемені көтеруге қабілетті. Ұшу уақыты – ең жоғары 9 000 метрге дейінгі биіктікте 30 сағатқа дейін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.