Қазақстанда жалған ақпарат таратқан блогерлерге айыппұл салынады

0 54

Биыл төрт айда 29 қазақстандық блогердің әлеуметтік желідегі ақпараттың дұрыстығы тексерілді. Бұл туралы “Ауыл” партиясының депутаттық сауалына жауап берген бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бас прокурордың айтуынша, биыл төрт айда ішкі істер органдары блогерлердің әлеуметтік желілерде Қылмыстық кодекстің 274-бабы жалған ақпарат тарату фактілері бойынша 29 соталды тергеуді анықтаған.

“Оның ішінде тек бір іс сотқа жіберілді. Қылмыс анықталмағанына байланысты 8 іс тоқтатылды. Қосымша тағы 8 қылмыстық іс бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі тоқтатылды (қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған тұлға анықталмады). Қазіргі таңда 12 іс қаралып жатыр”, – деп түсіндірді Берік Асылов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.