Қазақстанда жөргек шығаратын алғашқы зауыт ашылды

0 9

Түркістан облысы Сайрам ауданында ересектер мен балаларға арналған жөргек шығаратын алғашқы зауыт ашылды.

Жобаны «Royal Hijyen» түрік компаниясы Түркістан облысының «CaPable Group» мүгедектер қоғамымен бірлесіп жүзеге асырады. Оған ҚР СІМ, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің, «Kazakh invest» ҰК» АҚ, сондай-ақ өңір әкімдігі қолдау білдіріп отыр. Қазақстан экономикасына салынған инвестициялардың жалпы көлемі 3 млн долларды құрады.

Салтанатты шараға ҚР Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов, түрік компаниясының басшылығы және т. б. қатысты.

Зауытта 50-ге жуық жұмыс орны ашылады. Айта кетейік, жоба әлеуметтік мақсатта ашылған. Фабрикада жұмыс істейтін адамдардың 60%-ын ерекше қажеттіліктері бар адамдар құрайды.

Инвестордың айтуынша, өндірістің бірінші кезеңінде балаларға арналған, ал екінші кезеңінде ересектерге арналған жөргек шығарылады. Сонымен қатар, жылына 100 млн дана жаялық шығарып, толық қуаттылыққа шыққаннан кейін ЕАЭО және ТМД елдеріне экспортқа шығу жоспарланып отыр.

«Бұл отандық экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді», деп жазылған «Kazakh invest» баспасөз хабарламасында.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.