Қазақстанда жүкті әйелдердің 27 пайызы анемиямен ауырады

0 44

Қазақстандағы жүкті әйелдердің төрттен бірінен астамы темір тапшылығынан зардап шегеді.

Ағзадағы темір тапшылығы немесе темір тапшылығы анемиясы (ТТА) – ағзадағы темір деңгейінің төмендеуімен сипатталатын, қандағы эритроциттер мен гемоглобин концентрациясының төмендеуіне әкелетін патологиялық жағдай.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әлемде 2 миллиардтан астам адам темір тапшылығынан зардап шегеді. Ең жиі кездесетін себептер — теңгерімсіз тамақтану, темірді сіңіру қабілетінің төмендеуі және тұрақты қан жоғалту.

Негізгі тәуекел тобында вегетарианшылар, қатаң диетадағы адамдар, сондай-ақ қарт кісілер тұр. Оларда ішектің темірді сіңіру қабілеті төмен келеді.

Темір тапшылығы анемиясы диагнозы көбінесе балаларға, жасөспірімдерге және жүкті әйелдерге қойылады, өйткені олардың күнделікті темірге деген қажеттілігі жалпы халыққа қарағанда жоғары. Қазақстанда жүкті әйелдердің 27 %-да темір тапшылығы байқалады.

Бұл мәліметтерді Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жыл бойынша жариялаған. Айта кету керек, ауытқуларға қарамастан, орташа алғанда бұл үлес уақыт өте келе төмендейді. Мысалы, 2007-2011 жылдар аралығында анемия диагнозы қойылған жүкті әйелдердің үлесі 37,8-ден 41,7%-ға дейін болды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.