Қазақстандық 4 боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

0 4

Польшада өтіп жатқан жастар арасындағы бокстан әлем біріншілігінде бірден 4 қазақстандық былғары қолғап шебері жартылай финалға шықты.

49 келіге дейінгі салмақта Санжар Ташкенбай өзбек Ибрахим Ишжоновты жеңді. 56 келіге дейінгі салмақта Ерболат Сабыр кубалық Рэй Хорт Родригестен басым түсті. 64 келіге дейінгі салмақта Сабыржан Аққалықов тағы бір кубалық өрен Дарин Фавиеруден, Диас Молжігітов литвалық Александр Трофимчуктен айласын асырды. Бұлардың бәрі кем дегенде осы әлем чемпионатының қола жүлдесін алатын межеде тұр. Ал ендігі жекпе-жектен сүрінбей өтсе, байрақты бәсекеден алтын алып қайтады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.