Қазақстандық дипломаттар Мәскеуде Абай күнін атап өтті

0 5

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 176 жыл толуына орай, Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің дипломаттары Ресей астанасындағы Чистые Пруды бульварында орналасқан ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Көрнекті тұлғаға құрмет көрсете отырып, дипломаттар оның шығармашылығының арқасында Пушкин, Лермонтов, Гёте, Байрон, Шиллер және басқа да әлемдік мәдениет өкілдерінің шығармалары қазақ тілінде «сөйлегенін» атап өтті. «Іс-шара аясында Елшілік қызметкерлері Абайдың Қара сөздерін оқып, оның «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқады», делінген хабарламада.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.