Бұл туралы келісім Тоқаевтың Сауд Арабиясына барған іс-шарасында жүзеге асты.
Сиыр мен қой еттерін импорттауға қатысты санитарлық және техникалық талаптардың хаттамасына Сауд Арабиясындағы ауыл шаруашылығы секторы бойынша вице-президент Мохаммед Альнасар және ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев қол қойды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, хаттама қазақстандық өндірушілерге өз кәсіптерін дамытуға үлкен көмек болмақ.