Қазақстандық теннисшілер Германия командасын ұтып Билли Джин Кинг Кубогінің финалына шықты

0 8

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Билли Джин Кинг Кубогінің матчында жеңіске жетті

Рыбакина әлемнің экс-бірінші ракеткасы неміс қызы Анжелика Кербермен кездесіп, 4:6, 6:3 және 7:5 есебімен жеңіске жетті. Кездесу екі сағаттан астам уақытқа созылды.

Осының арқасында Қазақстан құрамасы Германия теннисшілерін үш кездесу қорытындысы бойынша 3:0 есебімен ұтты. Нәтижесінде отандастарымыз аталмыш турнирдің финалына жолдама алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.