Қазақстандық туризм бағасы жаһандық рейтингте ең арзан деп танылды

0 7

Дүниежүзілік экономикалық форум әзірлейтін туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан «Баға бойынша бәсекеге қабілеттілік» көрсеткіші бойынша 1-орын алды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметі бойынша туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 2021 жылы өз позициясын жақсартып, 117 елдің арасында 66-орынды иеленді (2019 жылы 140 елдің ішінде 80-орын). Еліміз «Баға бойынша бәсекеге қабілеттілік» ( 1-орын), «Туризмнің маусымдылығы» (26-орын), «Табиғи ресурстар» (33-орын), «ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра объектілерінің саны» (42-орын) көрсеткіштері бойынша жоғары баға алды», — делінген ведомство хабарламасында.

 

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы Қазақстанда ішкі туристер саны рекордтық деңгейге жетті – тіркелген адамдар саны шамамен 7 млн. Алғашқы жарты жылда Щучинск-Бурабай курорт аймағына 550 мың адам барған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп.

 

Жазғы маусымда «Шымбұлаққа» 240 мыңға жуық адам саяхаттап, былтырғы маусымға қарағанда 90 мыңға көп адам барған. Министрлік нақты көрсеткіштерді маусым аяқталғаннан кейін жариялауға уәде етіп отыр.

 

Ал ұлттық парктерге биыл 2 миллионға жуық адам барады деген болжам бар.

 

Осылайша, 2022 жылдың бірінші тоқсанында:

 

— орналасу нысандарына жайғасқан ішкі туристер саны 21,5% артып, 1,13 млн адамды құрады;

 

— орналасу нысандары 26,3 млрд теңге көлемінде қызмет көрсетті, бұл 2021 жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 25,7% көп;

 

— апта сайын Қазақстанға кемінде 11 мың шетелдік турист келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.