Қазақстандықтар дәрі-дәрмектің шекті бөлшек бағасын тексере алады

0 17

Соңғы екі жылда елімізде жалған дәрі-дәрмектің 700-ге жуық дерегі тіркелген.

Цифрлық экономиканы дамыту орталығы әзірлеген Naqty Onim қосымшасында тұтынушы дәрі-дәрмектің шекті бөлшек сауда бағасы, дәрінің құрамы мен дозасы, сондай-ақ, дәрі-дәрмектің жеткізілу маршруты туралы ақпаратқа қол жеткізе алады.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың шілде айынан бастап Қазақстанда азаматтарды жалған және заңсыз әкелінетін дәрілерден қорғайтын дәрілік заттарды кезең-кезеңімен міндетті цифрлық таңбалау енгізілді. Шекті бағаларды негізсіз өсіргені үшін Заң лицензияның қолданылуын тоқтатуды қоса алғанда, әкімшілік жауапкершілікті көздейді.

Айта кетсек, соңғы екі жылда елімізде жалған дәрі-дәрмектің 700-ге жуық дерегі тіркелген.

Қазақстанда дәрілік заттарды цифрлық таңбалауды енгізу дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуге бағытталған. Дәрілік заттардың шекті бөлшек сауда бағасы жылына екі рет белгіленеді. Қазақстанда тіркелген дәрілердің құнына қатысты шекті құнның өзгеруі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Фармация комитетінің, Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының веб-сайттарында және Фармация және денсаулық сақтау комитетінің аумақтық департаменттерінің ресурстарында орналастырылады. Дәрі-дәрмектерге диеталық қоспалар, ветеринарлық препараттар, нәресте формулалары, косметика кірмейді.

 

Дереккөз: Қазақстандықтар дәрі-дәрмектің шекті бөлшек бағасын тексере алады | Inbusiness.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.