Қазақстандықтар VIP нөмір үшін 6 млрд теңге жұмсаған

0 37

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді. 2022 жылы қазақстандықтар көлігіне 20 мыңнан астам мемлекеттік VIP нөмір сатып алған.

Оның ішінде ең қымбаты мыналар: 001-ден 009-ға дейін және 777. Бұлардың әрқайсысы 285 АЕК тұрады. Әр нөмірге қазақстандықтар 872 мың 955 теңге төледі.

VIP нөмірлерге сұраныс алматылықтардан көбірек түскен. Олар соңғы бір жылда 2 млрд 365 млн 875 мың 494 теңгеге 7083 VIP нөмір сатып алған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.