Қазақстандықтардың бір бөлігі газды 20 пайыз жеңілдікпен алады

0 5

Атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын қазақстандықтар 1 шілдеден бастап газды 20 пайыз жеңілдікпен алады, — деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап пилоттық жоба аясында Тараз және Орал қалаларындағы атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын азаматтар газды 20 пайызға төмендетілген бағамен алған, ал бұл қатарда 3 мыңнан аса тұтынушы бар. Бұл топтағы тұтынушылар сәуірдегі түбіртектерде газдың жаңа бағасын көре алды. Ведомство өкілі газды төмендетілген бағамен алу үшін тұтынушы Egov.kz порталындағы АӘК және тұрғын үй көмегін алушы ретіндегі өзінің мәртебесіне көз жеткізуі қажет екенін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.