Қазақтың құртына шетелдіктер неге құмар

0 4

Шетелдіктер кәдімгі құртқа құмар. Негізінен Корея, Біріккен араб әмірліктері мен түркиялықтар. Бұл елдер қазақтың құртын алыстан аттай қалап алдырады

Елордадағы алақандай бір ғана цех айына 150 келі құрт экспорттайды. Елді қызықтыратын мұндай әлеуметтік жобаны мемлекет те қолдайды.  Ашылғанына бір жыл да болмаған шағын цехтың әлеуеті артып келеді. Мұнда айына 300 келідей құрт өндіріледі. Оның тең жартысы – экспортық өнім.

Дәуренбек Оразаев, құрт өндіру цехының жетекшісі: — Кореяның үш қаласына, сосын Дубай, Түркияның Анталия, Ыстамбұл қаласына кетіп отыр. Алдағы уақытта Израильге шығамыз ба деп отырмыз. Құжаттарды ұсындық, шешімді күтіп отырмыз. Қаз қатар жайылған аппақ құрттар. Елорда маңындағы ірі сүт зауыттарынан алынған таза сүзбе осы жерде сығылып, қалыпқа келтіріледі. Әкімдік қолдаған әлеуметтік жоба аясында екі аспаз жұмысқа алынды. Олар күнделікті 50-60 келі құртты қолмен жаяды. Бірақ шаршамайды

. Рашида Дәулетова, аспаз: — Бәрі ақ. Жолымыз да ақ. Өзіміздің ұжымымыз де жақсы. Әдемі құрт істесең, өзің де әдемі боласың. Шағын цехтың өнімдері өңірлерде де сұраныста. Сапалы құрттар ай сайын 7 облысқа жеткізіледі.

Бір құрттың салмағы 18 грамм, экологиялық қағазға саламыз. Шетелге кететін құрттан мен де ауыз тиейін. Өте керемет. Елімізде сүт өнімдерін сатып, кәсібін дөңгелетіп отырғандар аз емес. Батыс Қазақстандағы Ниетқабыловтар отбасы құрттан түскен қаржыға зәулім үй салып алды.

Оның жанынан цех ашып, жылдық қуатты еселеп отыр. Шаруа баққан ағайынды Сарықұдық ауылы ғана емес, өңір халқы жақсы таниды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.