«Қоғамдық келісім» КММ жаңа басшысы тағайындалды

0 241

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы болып Жинақбаева Мүбарак Қасымқызы тағайындалды.
Мүбарак Жинақбаева 1965 жылы Жамбыл облысы, Шу қаласында дүниеге келген. Білімі-жоғары. Жамбыл педагогикалық институтын «қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі», М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қызмет көрсету саласы» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1983 жылы Шу қалалық комсомол комитетінің есеп секторының статисті болып бастаған. 2008-2014 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы. 2017-2019 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы. Бірақатар жауапты қызметтерді атқарған. Сондай-ақ, Шу ауданы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды. Ал осы кезге дейін ҚР Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи мәдени музей қорығының ғылыми қызметкері ретінде қызмет атқарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.