Қостанай облысының полицейлері қызғаныштан болған кісі өлімін тексеріп жатыр

0 2

Қостанай облысында қызғаныштан туындаған жанжалдың соңы кісі өлімімен аяқталды. Қайғылы оқиғаны өңірлік ПД баспасөз қызметі растады

«Тобыл қаласы Набережная көшесінде ер адам қызғаныштан туындаған жанжал кезінде 54 жастағы ер адамды соққыға жыққан. Нәтижесінде жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды», – делінген полиция хабарламасында. Аталған факті бойынша ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды

Leave A Reply

Your email address will not be published.