Қостанайда алимент төлемеген әйел түрмеге қамалды

0 2

Алимент төлегісі келмеген қостанайлық әйел алты айға абақтыға қамалды. Әйелдің кәмелет жасқа толмаған балаларына берешегі үш миллион теңгеден асқан. 2018 жылдан бері алимент төлемепті. Осы мерзім ішінде сот үкімімен келіншек бірнеше рет әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылған. Тіпті шартты түрде бір жылға бас бостандығы да шектелген. Бірақ еш нәтижие шықпағасын сот орындаушылары жазаның қатаң түрін қолданыпты. Жалпы өңірде алимент төлемейтіндер көбейіп тұр. Сот орындаушылардың тартпасында жалпы сомасы 600 миллион теңгеге жуықтайтын 16 мыңнан астам іс жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.