ҚР Білім және ғылым министрі жамбылдық педагогтармен кездесті

0 3

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесіп, ұжымға университеттің жаңа ректоры Талғат Ешенқұловты таныстырды.

Басқосуға аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев арнайы қатысты.

Асхат Аймағамбетов жаңа басшының білім беру саласындағы мол тәжірибесін ескере отырып, Ел Президенті қойған міндеттемелерді ұжыммен бірге ойдағыдай орындайтынына сенім білдірді. Бұған дейін университет ректоры қызметін атқарған Махметғали Сарыбековке жемісті жұмысы үшін алғысын білдірді.

— Еліміздің болашағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен біліктігіне байланысты. Сіздерге үлкен үміт артылып отыр, өйткені сіздер өз білімдеріңізді Отанымыздың болашағы үшін еңбек ететін ұрпақты лайықты тәрбиелеу жолында жұмсайсыздар. Сізге өте маңызды міндет — жоғары білікті мамандарды даярлау тапсырылды, — деді Б. Машбекұлы.

Бұдан соң Асхат Аймағамбетов пен Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы мектеп директорларымен кездесті.

Аймақ басшысы жыл сайын облыста жаңа мектептер салынып, тозығы жеткендері күрделі жөндеуден өтіп жатқандығын атап өтті. Жаңа оқу жылының дәстүрлі форматта басталу мүмкіндігін ескере отырып, Президент тапсырмасына сәйкес мектептердің балаларды қабылдауға дайындығы пысықталуда.

Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес білім саласында қолға алынған реформалар өз жалғасын табатындығын жеткізді. Бұл бағытта Жамбыл облысында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде , — деді министр.

Бала қауіпсіздігі мәселесіне де баса назар аударылып отыр.

— Облыстың барлық мектептерінде бақылау камералары орнатылып, жылы санитарлық тораптармен қамтылған.   Мектептер кезең-кезеңімен авариялық дабыл түймелерімен, турникеттермен жабдықталады, камералар облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығымен интеграцияланатын болады. Әр баланың деректері енгізілген әлеуметтік карталар ашылуда, — деді облыс әкімі.

Министр мектеп директорларынан білім беру мекемелеріндегі бюрократияны жоюды талап етті. Министрлікпен білім беру ұйымдарының педагогтарының жүргізуі міндетті құжаттардың нақты тізбесін бекітіпті.

Мұғалімдердің басты міндеті – сабақ өткізіп, балаларға білім берумен айналысу. Оларды сабақтан тыс жұмыстарға тартпаңыздар. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та баса айтып келеді, — деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.