ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованың сайлауалды штабы жұмысын бастады

0 17

Елордада ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованың сайлауалды штабы жұмысын бастады, деп хабарлайды  Жамбылинфо тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Орталық штабта бірнеше қызметкер бар және қажетті жағдайлар жасалған.

Штаб өкілдерінің айтуынша, сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жүргізу үшін кабинеттер, техника және байланыс бар. Үгіт-насихат науқанынан бес күні бұрын штаб қызметкерлері сайлау заңнамасының талаптарымен танысты.

Осылайша бүгін сағат 18:00-де республикалық штаб мүшелері ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованы қолдау жұмысына кірісті.

Сондай-ақ, елордадағы штабта 10-ға жуық адам жұмыс істейді. Одан бөлек, еліміздің 20 өңірінде штаб филиалдары орналасқан.

Штаб мүшелері үгіт-насихат науқанына дайындық жұмысы барысында ешқандай проблема туындамағанын атап өтті. Олар үгіт-насихат жұмыстарына дайын.

Еске салсақ, Салтанат Тұрсынбекова ҚР Президенті сайлауына кандидат ретінде «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан ұсынылып, ресми тіркелді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.