Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде Жамбыл көлік прокуратурасы, ҚР БП ҚСжАЕК аймақтық көліктік басқармасы және көлік полициясы басшылығының қатысуымен «қылмыстық процестің үш буынды моделін» іске асыру барысы туралы ведомствоаралық семинар-кеңес өтті. Кеңесте сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында туындайтын проблемалық мәселелер, оларды шешу жолдары, сондай-ақ өзара іс-қимылдың одан әрі тәртібі талқыланды.
«Мұндай форматтағы жұмыс істі тергеудің объективтілігіне оң әсер етеді, процеске қатысушылардың шағымдары үшін алғышарттарды қысқартады, азаматтарды қылмыстық процесс шеңберіне негізсіз тарту фактілерін жояды», – деп атап өтті Жамбыл көлік прокуроры А.Ә. Әбілдаев.
2021 жылдың 6 айында (2020ж. 6 аймен салыстырғанда) процеске қатысушылардың шағымдары, 60% негізгі процестік шешімдерді келісуден/бекітуден бас тарту фактілері 60% қысқарды.
Қазақстан Республикасы Президентінің қылмыстық процесті цифрландыруды жалғастыру қажеттілігі туралы тапсырмаларын орындау ерекше бақылауға алынған.