Қытай 60 жылдан бері болмаған құрғақшылықтан зардап шегуде

0 28

Қытайда билік аптап ыстық салдарынан ауа температурасы қаупінің ең жоғары қызыл деңгейін тағы да ұзартты. Бір айдан бері Янцзының орта және төменгі ағысындағы аудандарда күндіз ауа температурасы плюс 40 градусқа дейін жетуде.

Синоптиктердің болжамынша, мұндай ауа райы тағы бір аптаға созылады. Қытайда аптап ыстық екі айдан астам уақытқа созылды. Бұл – 1961 жылы бақылау басталғаннан бергі экстремалды температура сақталған ең ұзақ кезең.

23 тамызда, алты провинция мен Чунцин мегаполисінде термометр бағамы 40 градустан жоғары көтерілуі мүмкін деп күтілуде. Синоптиктер жергілікті билік органдарына аптап ыстықпен күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдауды, ашық ауада жұмыс істеуді тоқтатуды, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жіті қадағалауды және халықтың осал топтарына ерекше назар аударуды ұсынады. Қытайда ауа райының қолайсыздығы туралы төрт деңгейлі ескерту жүйесі бар, онда қауіптің ең жоғары деңгейі қызыл түспен, одан кейін қызғылт сары, сары және көк түстермен көрсетіледі. Өткен бейсенбіден бастап Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин муниципалитетінде жоғары ауа температурасы мен құрғақшылыққа байланысты бірнеше орман өрті тіркелді.

Құтқару жұмыстарына және шұғыл көмек көрсету үшін құтқару топтарының, қарулы полицияның, орман өртін сөндірушілердің және басқа ведомстволардың жалпы саны 5000-нан астам қызметкері, сондай-ақ жеті тікұшақ жіберілді.

1500-ден астам адам эвакуацияланды.

Дереккөз: Қазақпарат сайтынан

Leave A Reply

Your email address will not be published.