Қытай құрамасындағы конькиші Ақнәр Адаққызы әкесінің аманатымен үлкен спортқа оралған

0 44

XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Қытай құрамында сынға түсіп жатқан конькиші қазақ қызы Ақнәр Адаққызы көптеген БАҚ-тың назарын аударуда

Ақнәр Адаққызы 1999 жылы Шыңжаң өлкесі, Хутуби ауданы, Шитизи қазақ автономиялы елді мекенінде туған. Ақнәр 5 жасынан бастап коньки тебеді. Оған алғашқы конькиін ағасы сыйлапты. Дәл осы сыйлық оның спорттық өмірінің бастамасына айналады. 10 жасында спортқа деген әуестігіне кәсіби түрде қарап, жаттықтырушысының бағыт-бағдарымен шұғылдана бастайды. Күн сайынғы тынымсыз еңбек пен табанды жаттығулар көп ұзамай нәтижесін де көрсетеді. Ақнәр Шыңжаңдағы жасөспірімдер арасынан айрықша көзге түседі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.