Қытайда жаңа вирус тарап жатыр

0 117

Қытайда «Ланъя» атты жаңа генипавирус таралып жатыр.

Қытайлық «Пэнпай» басылымының хабарлауынша, ол жануарлардан жұғады. Аталған вирусты 35 адам жұқтырып үлгерген. «Ланъя» жұқтыру дерегі Шаньдун және Хэнань провинцияларында тіркелген.

Вирус жұқтырудың белгілері: қызба, шаршағыштық, жөтел, анорексия, миалгия, жүрек айну мен құсу.

Ғалымдар бұл вирустың әлемдегі ең қауіпті саналатын, әлі күнге дәрісі жоқ «Нипах» вирусына ұқсатып отыр. Бұл вирусты жұқтырған жағдайда өлім-жітім 40-тан 75%-ға дейін жетеді.

Әзірге «Ланъя» адамнан адамға жұға ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Жануарлар әлемінде вирус атжалмандардан табылған. Вирусқа антидене сондай-ақ ешкілер мен иттерден анықталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.