Қыздарды зорлаған: Желідегі видео бойынша Назарбаев Университетінде тексеріс басталды

0 26

Назарбаев Университетінің қызметкерлері студент қыздарды зорлағаны жөніндегі видеоүндеу бойынша Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері тексеріс бастады.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жас қыздың бейнеүндеуі анықталды. Ол Назарбаев Университетінің профессорлық-оқытушылық және техникалық персоналы тарапынан қысым көрсету және зорлауға қатысты, сондай-ақ жоғары курс студенттерінің төменгі курс қыздарына қысым көрсетуіне қатысты бірнеше фактіні білетіні туралы айтқан.

Видеоүндеу «Есіл« ауданының полиция басқармасында тіркелді. Полиция қызметкерлері қазір тексеру жүргізіп жатыр. Толығырақ кейінірек хабарлаймыз!», — делінген Рolisia.kz Telegram-каналында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.