Қызмет пен спортты қатар алып жүр

0 33

Қоғамдық тәртіпті сақтауда ҚАЖ қызметкерлері ерекше белсенділік танытатыны белгілі. Арнайы контингентпен жұмыс істейтін сала қызметкерлерінің былайғы жұрт біле бермейтін қызметінде өзіне тән қиындықтар бар. Осынау қиындығы мол қызметте жүрген жандар қолы қалт етсе, спортпен шұғылдануды әдетке айналдырған.

Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері ерік-жігер, табандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін спорт түрлерін жандарын серік еткен. Олар қызметтен тыс уақытта облыс орталығындағы жабық спорт алаңшаларына бас сұғып, бұқаралық спорт түрлерінен өзара кім мықтыны анықтайды. Қызмет пен спортты қатар алып жүрген олардың бұл ісі өскелең ұрпаққа үлгі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.